КІРІСПЕ

 

Қазіргі кезде, арнаулы жоғарғы білім беруді қайта құру, мемлекетіміздің, аса маңызды міндеттерінің бірі болып есептеледі. Мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалык дамуын жеделдетудің, бағдарламалық мақсатын шешу, болашақ мамандардың техникалық және технологиялық даярлығын, түбірімен жақсарту талабын алға койып отыр. Олай болса, жоғарғы оқу орындарының студенттеріне арнап, мемлекеттік тілде жаңа оқулықтар мен көмекші құралдарды және оқу әдістемелік қолданбалы әдебиеттерді түсінікті, ғылыми жоғарғы деңгейде жазып, оны тарату өте маңызды мәселе.

Осыған орай, жоғарғы техникалық оқу орындарының, техникалық мамандықтарына ұсынылып отырған «Жылу энергетика жүйелері мен энергияны қолдану» электрондық оқу құралы жоғарғы оқу орындарының инженерлік мамандықтарында оқитын студенттерге, магистранттарға, инженерлерге және оқытушыларға арналып жазылды.

Қазақстанда энергия үнемдеу және энергия тиімділігін арттыру шаруашылықтың барлық салаларында қазіргі уақытта энергетикалық, экологиялық және экономикалық мәселелер кешенін шешу алға қойылып отыр.

Дүние жүзінде өндірілетін және пайдаланатын энергия қоры көп мөлшерде жұмсалады. Бірақ-та, соңғы жылдары энергетиканың дамуына байланысты, энергетиканың даму жолынан, энергетикалық саясатқа өту, оны барлық өлшемде үнемдеу және энергияны тиімді пайдалануын арттыруға негізделіп отыр.

Дүние жүзіндегі табиғи өзгерістер және энергияны пайдалануының артуына байланысты, оның сақталуын қамтамасыз ету, қоршаған ортаны қорғау және жаңа әдістерін жасау өте қажет.

«Жылу энергетика жүйелері мен энергияны қолдану» электрондық оқу құралында Қазақстан энергетикасының жалпы сипаттамасы мен энергетикалық қорлары, жылу және электр энергиясын өндіру мен пайдалану, жылу электр станциясы және оның түрлері, өндірістік және жылу техникалық кешендердегі жылу энергетикалық құрылғылар, жылу энергетикалық қондырғыларды сумен қамтамасыз ету жүйелері қарастырылған.

Бұл электрондық оқу құралының негізі болып, «Қазақстан энергетикасы» - авторы К. Дүкенбаев және «Жылу техникасының нұсқасы» - авторлары С.С.Агурейкин, Р.А.Кабашевтің оқу кұралы болып табылады.